Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Қазақстанда Өзбекістанның туберкулезге қарсы зертханалық қызметі мамандарының сапары өтті
   2018 жылдың 2 шілдесінен бастап 5 шілдесіне дейін Қазақстанда зертхана сапасының менеджменті жүйесі бойынша екі жақтың мамандары халықаралық тәжірибемен алмасу мақсатында, Ұлттық референс лабораториясының басшысы З.А. Сайфуддинов бастаған Өзбекстанның туберкулезге қарсы зертханалық қызметі мамандарының сапары өтті.
   Турға Республикалық мамандандырылған фтизиатрия және пульмонология ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының және Бухараның, Қарши, Навои және Ургенчтің облыстық зертханаларының өкілдері қатысты. ҚР ҰҒФО-ның Ұлттық Референс зертханасына, қалалық туберкулезге қарсы диспансерге және Астана қаласындағы №5 қалалық емханасына барды.
   Әріптестік өзара әрекеттестік және тәжірибе алмасу Қазақстан мен Өзбекстандағы туберкулезге қарсы бағдарламалардың ажырамас бөлігі болып табылады, оның мақсаты - туберкулезді, оның ішінде К/КАДК ТБ, уақытылы және жоғары сапалы диагностикалау, емдеу және алдын-алу арқылы жүктемені азайту.
Екіжақты қарым-қатынас ақпарат алмасуды, персоналды бірлесіп оқытуды және тағылымдамадан өту, бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізуді қамтиды.
   Бұл сапар Өзбекстандағы туберкулезбен күрес бойынша USAID бағдарламасының техникалық қолдауымен өткізілді, оның барысында қатысушылар сапа менеджменті жүйесімен және денсаулық сақтаудың басқа да секторларымен және клиникалық персоналымен өзар әрекетте түрлі деңгейдегі зертханалардың тиімді жұмысымен танысты. Екі елдің  мамандары ТБ және К/КАДК ТБ зертханалық диагностикалауға, зертханаларда биоқауіпсіздікке және электрондық дерекқорды ұйымдастыруға арналған заманауи технологияларды қолдану бойынша тәжірибемен алмасты.
   Бұл жұмыс сапары Алматы қаласында ҰҒФО-ның 85 жылдығына арналған халықаралық туберкулезге қарсы конференция барысында қол қойылған 2018 жылғы 26 сәуіріндегі ҚР ҰҒФО мен Республикалық мамандандырылған фтизиатрия және пульмонология ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының арасындағы «Фтизиатрия және пульмонология саласында өзара алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы» меморандумының орындалуына ықпал етті.
   Бұл келісімдердің маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес , ол екі елдің мамандары арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықтың бастауы болды. 
 
    
    

 

 

Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28