Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
«Саған да туберкулезге қарсы күреске өз үлесінді қосуға уақыт келді» баспасөз конференциясы

2019 жылғы 4 наурызда «Интерфакс-Казахстан Медиа рилэйшнз» ЖШС-да Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне арналған «Саған да туберкулезге қарсы күреске өз үлесінді қосуға уақыт келді» тақырыбына пресс -конференция өтті.

Баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (ҚР ҰФҒО) директоры Мәлік АДЕНОВ, Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар САПИЕВА, ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қор грантын іске асыру тобының менеджері Шахимұрат ИСМАИЛОВ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ҚДСҰО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми –практикалық орталығы филиалының Тәуекелдерді және жұқпалы аурулар эпидемиологиясын бағалау басқармасының дәрігер эпидемиологы Ақан ТУЛЕУОВ,  «Санат Әлемі» ҚҚ әлеуметтік қызметкері Сымбат САПАРҒАЛИЕВА қатысты.

Жыл сайын 24 наурызда Бүкіләлемдік тубрекулезбен күресу күні атап өтіледі. Осы күні қоғамдық денсаулық сақтау ауыртпалығы ретінде ТА жою ісінде саяси және әлеуметтік бейінділіктегі одан әрі прогреске жұмылдыру үшін себеп болып табылады және бүкіл әлемде туберкулез ауыртпалығы мен  оны алдын алу және емдеу бойынша күш салулар туралы хабардар болуды көтеруге бағытталған. Аса назар стигмациялау, кемсіту және әлеуметтік шеттетумен күрес бойынша күш салуларды біріктіруге аударылады. БДСҰ өзінің «EndTB» стартегиясында 2035 жылға туберкулезден өлімді 95%-ға және туберкулезбен сырқаттанушылықты  90%-ға төмендетуге қол жеткізу міндетін алға қойды.

Бүкіләлем болып тойланатын туберкулезге қарсы крес күнінің маңызды міндеті жер бетіндегі барлық тұрғындарды шақыру болып табылады, бұл мәселе абстракты емес екенін және біздің кез-келгенімізге әсер етуі мүмкін, сол себепті науқанның табыстылығы әр адамның жеке позициясына байланысты. Өзінен, өзінің өмір сүру салтынан бастау, жыл сайын флюорографиялық тексеруден өту, өз қауіпсіздігіне қатысты ғана емес, өз балаларын және жақындарын сақтауға алдын алу шараларын қабылдау қажет. Ең бастысы: қауіпті сырқаттың одан әрі тарлуын болдырмау үшін аурудың ең бірінші белгілері кезінде медиктерге көмекке жүгіну керек.

Баспасөз конференциясында келесі мәселелер қарастырылды:
-туберкулезді диагностикалаудың жылдам әдістері;

-жаңа туберкулезге қарсы препараттар;

-туберкулезбен күреске азаматтық қоғамдастықты тарту және өзара көмектің топтарын құру;

-туберкулезбен ауыратын адамдардың еңбек қызметіне рұқсат беру;

-туберкулезді емдеу кезінде бейне бақылаудың тиімділігі;

- "Компас ТБ" бағдарламасы;

- қалаларда арнайы «сырқаттануды жою аралдарын» құру

Сондай-ақ,  ең алғаш Орталық Азияда   Қазақстанның 2 қаласы (Алматы, Астана) «Zero TB Initiative-ке қосылу ниеттері туралы деклорацияға» қол қойып, Stop TB Partnership қолдауымен, Zero TB Cities бастамасына қосылды, оның мақсаты туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіштерін төмендетуге және ұлттық деңгейде тиімді стратегияларды қолдануды одан әрі қолдауға мүмкіндік беретін қалаларда арнайы «сырқаттануды жою аралдарын» құру болып табылады. Zero TB Cities бастамасыбиліктің жергілікті органдарының, коммерциялық сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық сектордың бірігуін қолдайды.

24 ақпаннан бастап 24 наурыз аралығында Қазақстанда Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне арналған туберкулездің алдын алу бойынша айлық басталады, бұл Қазақстанның тұрғындарына туберкулез туралы басқаларға ағарту жұмыстарын жүргізуге көмектесу арқылы осы күреске қосылу мүмкіндігі болып табылады.

Енді әрекет етуге жалпыға ортақ шақыруды құруға жаһандық қозғалысқа қосылуға және «Саған да туберкулезбен күреске өз үлесінді қосуға УАҚЫТ КЕЛДІ» ұранымен ынтымақтастықты көрсетуге уақыт келді.

 

 

Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28