Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
2019 жылғы 9 сәуірде 15:00-де Л.Н. Гумилев втындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен G-global платформасында «Туберкулезді бақылауда адвокация, коммуникация және әлеуметтік мобилизациялау» республикалық тәжірибелік семинарды өткізу жоспарлануда.

2019 жылғы 9 сәуірде 15:00-де Л.Н. Гумилев втындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен G-global платформасында «Туберкулезді бақылауда адвокация, коммуникация және әлеуметтік мобилизациялау» республикалық тәжірибелік семинарды өткізу жоспарлануда. Осы іс-шара Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне ұштастырылған іс-шаралар шеңберінде өтеді.

Осы тақырыптың қалыптасуы үшін ойдың басты негізі «Здоровье 2020» Еуропалық стратегиясының кіріспесінде жарияланған БДСҰ бас директоры Маргарет Ченнің жолдауы болып табылады:

«Денсаулықтың жақсы индикаторларын тек бір ғана сала жұмысының нәтижесі ретінде ендігәрі қарастыруға болмайды: әлеуметтік әділеттілік принципін құрметтеу кезінде адамдардың денсаулығын тұрақты жақсарту – бұл мемлекеттік басқарудың барлық компоненттерін, сондай-ақ бүкіл қоғамның ұжымдық жігерлерін қамтитын тиімді бірлескен саясатты іске асыру нәтижесі болып табылатыны өте маңызды».

Осы конференцияның қатысушылары ҚР ДСМ «ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, Туберкулезге, безгекке және ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қор, «Нұр-Сұлтан қаласының туберкулезге қарсы диспансері» ШЖҚ МКК, «Санат Әлемі»қоғамдық қоры, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, «Premiumconsulting» ЖШС (PR агенттігі), Л.Н. Гумилев втындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары.

Семинар шеңберінде туберкулез кезінде адвокация және коммуникация мәселелері, әлеуметтік мобилизациялаудың қолданыстағы тетіктері, туберкулез мәселелеріндегі азаматтық сектордың рөлі талқыланатын болады.

G-global диалог алаңында туберкулез мәселелерін азаматтық қоғаммен, әсіресе студеттік жастармен бірге осы ауруларға бақылаудың күшті тетіктері бойынша ұсыныстарды әзірлеу мүмкіндігімен талқылауды ұйымдастыру әлеуметтік мобилизациялаудың қызықты тәжірибесі және үлгісі болып табылады.

Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28