Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
ҚР-да ТБ ауру науқасқа бірыңғай кешендік тарифті қалыптастарыу бойынша жұмыс кеңесі

Туберкулезге қарсы қызметті қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және туберкулезбен ауру науқасқа кешенді тарифтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, 2019 жылғы 21-22 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тарифтерін әзірлеу және модельдеу жөніндегі департаменті мамандарының (Дана Ерланқызы Айтуарова – Департамент директоры, Қаламқас Аханова – Тарифтерді әзірлеу бойынша басқарма менеджері), халықаралық кеңес беруші  ЦогтГомбогарамның, ТБ қызметін реформалау бойынша ұлттық кеңес берушілердің, ҚР ҰФҒО және ЖҚ ЖІАТ қызметкерлерінің қатысуымен өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының туберкулезге қарсы ұйымдарының (бұдан әрі – ТҚҰ) өкілдерімен (экономистермен және бас бухгалтерлермен) бірге жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңес мақсаты – әр өңірге шығыстар талдауын есепке ала отырып, ТБ ауру науқасқа кешендік тарифтің айқындылығын көрсету. Талқылау барысында БМСК фтизиатрының қызметтерін; ЕЖР, ЕҚМР кезінде жағымсыз жағдайлардың профилактикасы үшін дәрілік заттарға шығындарды есепке алумен, ТБ пациенттерін амбулаторлық емдеуді; Өкпе және  өкпеден тыс ТБ хирургиялық емдеуді қоса нақты өңірде кешендік тарифтің шамасына әсер ететін барлық құрастырушылар қарастырылды.

Кеңес қорытындылары бойынша хаттама жасалды, онда барлық өзекті мәселелер және шешу жолдары көрсетілген.

Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28