Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
МӘМС енгізілуіне байланысты тегін медициналық қызметтер көлемі 60% -ға артады – Біртанов

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан медициналық сақтандыруға көшеді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа жүйенің артықшылықтары мен дайындық кезеңінің нәтижелері туралы айтты.

Медициналық қызметтердің екі негізгі пакеті бекітілді - тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС).

Медициналық сақтандырудың жаңа пакеті қымбат және денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі уақытта айтарлықтай жетіспеушілікке душар болған көптеген медициналық қызметтерді қамтиды. Мысалы, консультативтік-диагностикалық көмек. 2020 жылы бұл саланы қаржыландыру бес есеге артады.

"Бұдан басқа, жоғары технологиялық қызметтердің спектрі кеңейеді. Реабилитация қызметтерімен қамту төрт есеге артады, бұл мүгедектер мен ота жасатқан адамдар үшін өте маңызды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру екі есе артып, тегін дәрі-дәрмек тапшылығын толығымен жабады. Қаржыландыруды арттыру медицина қызметкерінің мәртебесін, ал онымен қоса жалақысын айтарлықтай арттырады. Естеріңізге сала кетейік, осы жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл басында және ортасында екі есеге өсті. Кезекті жалақыны көтеру МӘМС енгізумен қатар жүргізіледі", – деп атап өтті денсаулық сақтау министрі.

Біртанов бұл шаралар әр отбасының, әрбір азаматтың негізгі медициналық қызметтерді алуға қалта шығындарын азайтуға және халықтың нақты табыстарын жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты. Бұдан былай адамдар табысарының едәуір бөлігін медициналық қызметтерге және дәрі-дәрмектерді сатып алуға жұмсауға мәжбүр болмайды, деді ол.

2020-2022 жылдарға арналған бюджеттің жоспарланған жобасында медициналық көмекке шығындар 1 триллион 530 миллиард теңгені құрайды. Бұл 2019 жылғы деңгейден 58% -ға жоғары.

Медициналық көмекке қосымша шығындар (580,3 млрд. теңге) мыналарға
бағытталады:

  • Алдын-алу шараларын күшейту;
  • Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
  • Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді арттыруды қоса, стационарлық көмек, оның ішінде;
  • Сақтандырылған азаматтар үшін оңалту және қалпына келтіру емдеу
  • бағдарламаларын кеңейту;
  • Саланың тұрақты дамуы.

"ТМККК жаңа үлгісі медициналық көмек алу кезіндегі сақтандырылмаған азаматтардың қауіп-қатерін жояды, өйткені оған барлық бастапқы және жедел медициналық көмек, сонымен қатар басқалар үшін қауіпті негізгі жұқпалы емес ауруларды емдеу кіреді", – деп Денсаулық сақтау министрлігінде сенімді.

Барлық сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығына тәулік бойы 1414 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады, бүкіл Қазақстан бойынша кез-келген телефоннан қоңырау шалу тегін.

Сіз өз ұсыныстарыңызды қордың www.fms.kz сайтында қалдыра аласыз.

Міндетті медициналық сақтандыру туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, халықпен жұмыс жөніндегі ӘМСҚ департаментіне: +7 (7172) 64-70-23, 64-70-35, 64-70-66 нөмірлері бойынша хабарласа аласыз

Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28