Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Туберкулезбен күрес саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ қызметінің тұрақтылығын арттыру

2019 жылғы 14-18 қазан Алматы қаласында Орталық Азиядағы KNCV өкілдігі ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық Қор жобасының шеңберінде Қаржыландырудың Жаңа Моделі бойынша (ҚЖМ бойынша ЖҚ) «Туберкулез» компоненті бойынша туберкулездің алдын алу, анықтау және халықтың осал топтарынан (АИВ-пен өмір сүретін адамдар, ЕИТА, ІСА, сотталғандар, бұрынғы сотталғандар, БТЖЖА) клиенттерді емдеуге қолдау бойынша «шағын» гранттарды іске асыратын үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) арналған Күзгі мектеп өткізілді.

Қатысушыларға 2019 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша ҚР-да ТБ бойынша эпидемиологиялық жағдай, нормативтік-құқықтық базадағы жаңартулар, Қазақстандағы ТБ, КДК/АДК ТБ диагностикалау мен емдеудегі заманауи тәсілдер; Ұлттық ТБ бағдарламасының алдағы болашағы туралы ақпарат ұсынылды. Күзгі мектептің бірінші күні үйлестірушілер мен өңірлердің 14 ҮЕҰ (Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей және ШҚО, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, СҚО, Қостанай облыстары) әлеуметтік қызметкерлері туберкулезді анықтау, ақпараттандыру және халықтың осал топтарының клиенттерін емдеуге қолдау бойынша жұмыстың негізгі табыстары мен күрделілігін көрсетті. 

Күзгі мектеп шеңберінде үйлестірушілер мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған «КАМЕДА» ҚҚ Махаббат Еспановамен бірге «Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қаржылық тетіктері» атты 3-күндік тренинг өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар ҮЕҰ-ны қаржыландыру көздері, қаржылық басқару және қаражат тарту тетіктері туралы ақпарат алды, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттарға өтінім беру және жазу дағдыларын игерді.

Бес күн ішінде ҮЕҰ қызметкерлерінде арасында ТБ байланысты жұмысының нәтижелерімен бөлісуге, өзекті мәселелері мен болашағын талқылауға, алынған сабақтар мен келесі қадамдарды талқылауға мүмкіндік болды. Қатысушылар Күзгі мектеп кезінде алған білімдері мен дағдылары ҮЕҰ-ның қаржылық тұрақтылығын арттыру үшін пайдалы болатынын атап өтті.

фотосурет

Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28