Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
«ТБ жағдайларын жүргізу бойынша МжБ жүргізудің заманауи тәсілдері» тренингі

2019 жылғы 21 қазаннан бастап 26 қазан аралығында Алматы қаласында 1.3 "МжБ бағдарламаларын және ақпараттық жүйені күшейту" қосымша міндеті бойынша бағдарламалық іс-шараларды Қаржыландырудың жаңа үлгісі бойынша ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қор жобасының іс-шараларын іске асыру және клиникалық оқыту дағдылары бойынша Ұлттық туберкулез бағдарламасының негізгі мамандарының әлеуетін арттыру және ТБ іс-шараларының әр түрлі аспектілеріне МжБ жүргізу мақсатында, МжБ бойынша сыртқы тренермен MarineJanjgava (Грузия) бірге «ТБ жағдайларын жүргізу бойынша МжБ жүргізудің заманауи тәсілдері» тақырыбына екі тренинг өткізілді:

1.         2019 жылғы 21-24 қазан аралығындағы кезеңде ҚР ҰФҒО қызметкерлері мен ЖҚ ЖІАТ қызметкерлері үшін оқыту тренингі (4 күндік) ;

2.         2019 жылғы 24 қазаннан бастап 26 қазан аралығындағы кезеңде ОТҚД, ҚТҚД, облыстық фтизиопульмонология орталықтарының МжБ бойынша мамандарға арналған оқыту тренингі (3 күндік) 

Тренингтердің мақсаты Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы іс-шаралардың мониторингі және бағалау жүйесінің тиімділігін арттыру болып табылады.

Басты міндеттер:

- ұлттық бағдарламалар үшін МжБ бойынша халықаралық ұсынымдармен таныстыру;

- ҚР ҒТП ЖАО жүйесіндегі жаңартулармен таныстыру;

- жаңартылған бақылау парақтары бойынша ақпарат жинауды үйрету.

Тренингтерге қатысушыларға елдегі туберкулезбен бақылаудың мониторингіне және бағалауға қойылатын заманауи қағидалар мен талаптар ұсынылды, сондай-ақ MarineJanjgava тренері өз елінде ТБ жағдайларын жүргізу бойынша МжБ жүргізу тәжірибесімен бөлісті және халықаралық ұсынымдармен таныстырды. Тренингтің барлық қатысушылары жергілікті жерлерде МжБ жүргізу кезінде деректерді жинау бойынша жаңа бақылау парақтарын алды.

Тренингтерге сертификат бере отырып, барлығы ҚР ҰФҒО, ЖҚ ЖІАТ     27 қызметкері, сондай-ақ ОТҚД, ҚТҚД, облыстардың фтизиопульмонология орталықтарының            МжБ бойынша 18 маманы қатысты.

Тренинг қатысушылары алған білімдері мен тәжірибелерін өз жұмысында қолданады.

 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28