Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Туберкулез туралы білу - жарты жеңіс
2021 жылдың 17 маусымында ақпараттық-білім беру материалдарын (АБМ) әзірлеу жоспарларымен байланысты жұмыс тобының кеңесі өтті. Жұмыс тобының құрамына Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, үкіметтік емес ұйымдардың ("Игілік" ҚҚ, "Амелия" ҚҚ),халықаралық серіктестердің (USAID ETICA жобасы, Жаһандық қор жобасы, AFEW, KNСV) өкілдері кірді.
 
 
 
Кеңес барысында жұмыс тобының мүшелеріне Жаһандық қордың грантын игеру аясында жүзеге асқан Қазақстан халқы мен түрлі топтардың туберкулез туралы хабардар болу деңгейін зерттеу нәтижелері жарияланды. АБМ-мен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жағдайға баға берілді, сондай-ақ дайындалып жатқан ақпараттық-білім беру материалдары тақырыптарының өзектілігі талқыланды.
 
USAID ETICA мамандары ТЖТ мүшелерімен екінші жоба жылындағы АБМ әзірлеу бойынша  тәжірибесімен бөлісті және жобаның үшінші жылымен байланысты жоспарларын жария етті.
 
Жаһандық қордың грантын іске асыру шеңберінде әзірленетін АБМ жоспарлары, оның тақырыптары мен форматы талқыланды және жалпы бұқара мен негізгі топтар арасында туберкулез туралы ақпарат тарату жұмыстарын жақсарту туралы ұсыныстар айтылды.
 
Үкіметтік емес ұйым өкілдері әлеуметтік желілердегі жерглікті танымал парақшаларды басты ақпарат таратушы арна ретінде пайдалануды ұсынды.
 
Туберкулезбен күресте халықтың жан-жақты хабардар болғаны  аса маңызды. Себебі осы арқылы елдің және жекелеген топтардың арасында туберкулез туралы дұрыс түсінік қалыптастырады. Халыққа керек дерек жеткізу Ұлттық туберкулез бағдарламасы жетістігінің ең маңызды бөлігі болып саналады және туберкулезді анықтау, диагностика жасау, оны емдеу туралы ел арасында  ауқымды түрде ақпарат таратпайынша бұл дертті түбегейлі жеңу мүмкін емес.
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28