Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
2021 жылғы шілденің 12 мен 23 аралығында ҚР ҰФҒО Ұлттық Референс зертханасында Орталық Азияда туберкулезді жою бойынша USAID жобасының (ETICA) қолдауымен туберкулезді және КДК/АДК ТБ зертханалық диагностикалау үшін толық геномды секвенирлеу технологияларын енгізуге арналған тренинг өтті.
Секвенирлеудің жаңа буыны (NGS) - дәріге көнбейтін туберкулезге (ДК-ТБ) жылдам диагностика жасау, генетикалық әртүрлілікті және Mycobacterium tuberculosis complex (MTBC) берілу динамикасын жылдам анықтау жағынан үлкен әлеуетке ие әдіс.
 
 
 
2021 жылы ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық Қордың (2020-2022) Жобасымен ҚР ҰФҒО Ұлттық референс зертханасына секвенирлеуге арналған жабдықтар мен қажет қолданыс материалдары сатып алынды. USAID ETICA жобасын іске асыру аясында Ұлттық референс зертханасына мамандарды оқыту және ел аумағына секвенирлеуді енгізу жағынан қолдау көрсетілуде.
 
USAID ETICA Жобасы  ұйымдастырған практикалық тренинг шеңберінде ҰРЗ мамандары Дмитрий Синицкий (Гаутинг супраұлттық зертханасының зертхана маманы) және Андрей Голубов (СРЛ-дың штаттан тыс кеңесшісі, Гаутинг) секілді тренерлердің басшылығымен секвенирлеудің теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын меңгерді.
 
 Қазақстанда секвенирлеуді енгізу зертхана қызметінің дәрілерге көнбейтін туберкулезді диагностикалау, генетикалық полиморфизмдердің пайда болу себептерін түсіну, туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау кезінде дәріге көнбейтін түрінің таралу деңгейін бағалау жағынан мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл өз кезегінде елдегі туберкулезбен күреске қосылған елеулі үлес болмақ.
 
  
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28