Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Л.Т. Ералиева

Ералиева Л.Т С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің педиатр - мамандығын 1998 жылы үздік аяқтады. 1998 жылдан 2000 жылдар аралығында Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар жұқпалы аурулар кафедрасында клиникалық ординатурасын аяқтады. Осы уақыт аралығында Алматы қалалық Балалар жұқпалы ауруханасында кезекші дәрігер жұмысын атқарды.

Ғылыми қызметін клиникалық ординатурада бастап, аспирантурада жалғастырып, 2004 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.

2000 жылдан 2006 жылдар аралығында Балалар клиникалық жұқпалы аурулары емханасының қабылдау бөлімінде дәрігер қызметін атқарды.

2006-2018 жылдар аралығында доцент қызметін одан кейін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының профессоры болды. 2010 жылы «Балалардағы бактериалды менингит диагнозын жетілдіру және терапиядағы иммунофотогенетикалық тәсілдер» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

2013 жылдан 2018 жылдар аралығында Ляззат Тасболатқызы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетіне қарасты Б.А.Атшабаров атындағы Іргелі және қолданбалы медицинаның ғылыми зерттеу институтының директоры қызметін атқарды.

Ералиева Ляззат 4 басылым мен 90-ға жуық мақала авторы. Еуропалық микробиология және жұқпалы аурулар қауымдастығы бойынша, Еуро-Азиялық Жұқпалы аурулар қауымдастығы мүшесі. 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының иммундау бойынша ұлттық консультативтік комитетінің мүшесі.

2018 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің РМК ШЖҚ «Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының» стратегиялық және ғылыми даму жөніндегі директордың орынбасары болып тағайындалды

Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28