Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Алматыда «Қазақстанның ТБ қызметіндегі реформаларды іске асыру және мониторингі» тренингі өтті

Қазақстан Республикасында ҚЖМ бойынша АИВ/ЖИТС, туберкулезге және безгекке күрес жөніндегі Жаһандық қор Грантын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласында 2019 жылғы 13-15 қарашада облыстардың, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының Фтизиопульмонология орталықтарының бірінші басшылары үшін «Қазақстанның ТБ қызметіндегі реформаларды іске асыру және мониторингі» атты            3 күндік тренинг өтті. Тренинг жұмысына халықаралық жаттықтырушылар қатысты: Мошняга Андрей - Стоп ТБ Серіктестігінің өңірлік кеңесшісі, ЦогтГомбогарам – ТБ реформасы бойынша халықаралық консультант, Бурински Виктор-ҚР ТҒБ техникалық консультанты, ҚР ҰФҒО мамандары (ұлттық жаттықтырушылар, амбулаторлық емдеу бойынша үйлестірушілер, К/КАДК ТБ, инфекциялық бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ТБ/АИВ, ТАНҰТ) және ЖҚ ЖІАТ.

Тренингтің мақсаты: жалпы әлеуетті, іс-шаралар менеджментін, МжБ күшейту арқылы ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны реформалауды қолдау,

Тренингтің міндеттері:

1.            ТБ күрес жөніндегі Кешенді Жоспарды іске асыру нәтижелері және ҚР ТҒБ нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру;

2.            ДДҰ ұсынған ТБ,ТБ/АИВ алдын алу, анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша жаңа тәсілдермен таныстыру;

3.            ТБ қызметтерін көрсетудің пациентке бағытталған моделін тиісті түрде енгізу және мониторингі, сондай-ақ ТБ бойынша стигма мен кемсітуді төмендету бойынша практикалық дағдыларды беру.

Тренинг барысында ТБ қызметіндегі реформаларды іске асырудағы негізгі жетістіктер, проблемалар, сондай-ақ ДДҰ-ның үздік тәжірибелері мен ҚР өңірлерінің оң тәжірибесін ескере отырып, ұлттық ТБ бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша практикалық қадамдар ұсынылды және талқыланды.

 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28