Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Қазақстан «Туберкулезден әлемді жарықтандыр» атты дүниежүзілік науқанға қосылды.

Науқан аясында барлық ел бойынша ғимараттар мен көрікті жерлер қызыл түспен жарықтандырылды.

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және СТОП ТБ серіктестігінің бастамашылық етуімен «Туберкулезден әлемді жарықтандыр» атты дүниежүзілік науқанға қосылды.

24 наурызда әлемнің ірі қалаларының көптеген көрікті жерлері қызыл түспен жарықтандырылады. Соңғы бес жылда бұл қызықты бастамаға Барселона, Рио, Карачи, Будапешт, Ниагар сарқырамасы және т. б. сияқты бүкіл әлемдегі көрнекті орындар мен қалалар қатысты. Қазақстанда науқан аясында Алматыдағы Республика Сарайы, Halyk Arena, Тұңғыш Президент саябағы, Мұхтар Әуезов атындағы театр жарықтандырылды. Акцияға Тараз қаласы да қатысты.

Аталған кең ауқымды іс-шара Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні аясында өткізіледі, ол жыл сайын 24 наурызда Бүкіл әлемде аталып өтеді. Науқан халықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын әлемдегі туберкулезді жою мақсатына аударуға және туберкулезбен күреске өзінің бейілділігін көрсетуге бағытталған.

Қазақстан 2018 жылы осы басамаға алғаш рет қатысты, Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай бірінші рет Алматы қаласындағы Республика Сарайы жарықтандырылды.

Қазақстанда 2020 жылы Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес ұраны «Туберкулезбен күресте саған да өз үлесіңді қосуға уақыт келді!». Дүниежүзілік аталып өтілетін күннің маңызды міндеті-бұл мәселе абстрактылы емес және біздің әрқайсымызға қатысты болуы мүмкін деген жер тұрғындарына шақыру болып табылады. Туберкулез-бұл ауа арқылы берілетін жұқпалы ауру. Уақтылы анықталған және дұрыс емдеген кезде туберкулез толығымен емделеді.

Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Соңғы 10 жылда сырқаттанушылық 2,3 есеге төмендеді, 2019 жылы 100 мың адамға шаққанда 45,6 құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылы 100 мың адамға шаққанда 105,3 болды. Таралу (жаңа жағдайлар мен рецидивтер) 2019 жылдың қорытындысы бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 65,4 құрады. Өлім-жітім көрсеткіші алты есеге төмендеп, 2019 жылы 100 мың адамға шаққанда 2,0 құрады.

   
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28