Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Туберкулезді және СОVID-19 қақырықтың бір үлгісінде тексеруге бола ма?

Туберкулезді және СОVID-19 қақырықтың бір үлгісінде тексеруге бола ма?

Туберкулезді және COVID-19 анықтау үшін диагностика әдістері мен биологиялық материалдың үлгісі әр түрлі. Адам өз бетінше жөтелетін қақырық туберкулезді диагностикалау үшін пайдаланылады. COVID-19 тесттері тампонның көмегімен мұрын жұтқыншағынан немесе ауыз жұтқыншағынан алынған материалдан жүргізіледі.

Молекулалық тестілеу қазіргі уақытта COVID-19 анықтаудың ұсынылған әдісі болып табылады.

Туберкулезге күдіктіні анықтаған жағдайда, Сіз тегін тексеруден тұрғылықты жері бойынша емханада учаскелік дәрігерге жүгініп, өте аласыз.

Коронавирусқа зерттеуді тек COVID -19 белгілері немесе  науқастармен байланыс болған кезде ғана және тек мамандандырылған стационарларда, Қазақстан Республикасында COVID - 19 бойынша жедел желіге-1406 міндетті түрде алдын ала қоңырау шалу арқылы жасауға болады.

Туберкулезбен де, сондай ақ СОVID19 ауруымен де ауыратын адамдарда туберкулезді емдеу ерекшелене ма?

COVID-19 жұқтыруына және ауруына қарамастан, туберкулезді емдеу үзілмеуге тиіс. ТБ емдеу ұзақтығы мен схемасы COVID-19 бар немесе жоқ адамдарда ерекшеленбейді. Туберкулезді емдеуді қажет ететін адамдар, егер олар COVID-19 жұқтырса  да,  емдеу мүмкіндігін арттыру, сондай-ақ ТБ инфекциясын таратуды және туберкулезге қарсы препараттарға дәрілік төзімділікті дамытуды азайту үшін пандемия кезінде туберкулезге қарсы препараттарды қабылдауды жалғастыруы өте маңызды.

СОVID19 жұқтырмау үшін ТБ ауыратын науқас қандай алдын алу шараларын сақтау тиіс?

ДДҰ мәліметтеріне сәйкес, өкпе аурулары бар адамдар COVID-19 бойынша қауіп-қатер тобында. Сондықтан, COVID-19 пандемиясы кезінде туберкулезбен ауыратын науқастар үшін туберкулезге қарсы препараттарды қабылдауды үзбеу маңызды.

Арнайы алдын алу – COVID -19 вакциналары-қазіргі уақытта жоқ. СOVID -19 арнайы емес алдын алу шараларына жатады:

  1. Әлеуметтік қашықтық - амбулаторлық емделудегі ТБ ауыратындарға COVID-19 карантинін аяқтағанға дейін үйде қалу, тек қана азық-түлік сатып алу және жақын маңдағы емхана жағдайында ТҚЕ алу үшін далаға шығу;
  2. Адамдардан кем дегенде 1 метр қашықтықты сақтау;
  3. Адамдар көп жиналатын жерлерде, дүкендерде, адамдармен кез келген байланыста болғанда, бет маскасын пайдалану;
  4. Бетке, мұрынға, көзге қолмен жанасуды болдырмау;
  5. Қолды үнемі, жиі және мұқият жуу және дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;
  6. Дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, дене шынықтырумен айналысу.
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28