Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
ЖУРНАЛИСТЕР ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ ЖАЗУДЫ ҮЙРЕНУДЕ
Ағымдағы жылғы 15-16 қазанда Алматыда туберкулез бойынша БАҚ-қа арналған тренинг өтті, оған «Хабар», «Астана», «31 арна» телеарналарының және баспа электрондық басылымдарының журналистері қатысты.
 
Бұдан басқа, бұл жолы тренингке блогерлер мен жастар белсенділері қосылды. Бағдарламаны ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы Жаһандық қордың грантын іске асыру шеңберінде іске асырды. Биылғы жылы пандемия мен COVID-19 аясында туберкулез мәселесін шешуге баса назар аударылды.
 
 
 
Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарлама туберкулезбен ауыратын адамдарды стигматизациялауға, кемсітуге және әлеуметтік шеттетуге қарсы күрес бойынша күш-жігерді біріктіруге ерекше назар аударады. Халықты туберкулез туралы кеңінен жариялау мен ақпараттандырудың ең тиімді жолдарының бірі журналистерді туберкулез бойынша ақпараттық науқанға белсенді тарту болып табылады. Тренингтің мақсаты-БАҚ өкілдерінің, инфлюенсерлердің Қазақстандағы ТБ ауыртпалығын төмендетуге бейілділігін арттыру.
Тренингтің міндеттері мыналар болды:
 
  • Қазақстан журналистерін ТБ алдын алу және бақылаудың жаңа тәсілдері туралы хабардар ету.
  • ТБ зардап шеккен адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту бағдарламалары және оларды жеңу мүмкіндіктері туралы айту.
  • Туберкулез бойынша тақырыптарды БАҚ-та жариялаудың үздік тәжірибелерін ұсыну, әсіресе реформа және ТБ бағдарламасындағы парадигманың ауысуы кезеңінде.
Тренинг аясында журналистер алдында отандық және халықаралық сарапшылар, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының өкілдері сөз сөйледі.
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28