Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Алматы қаласында фармакологиялық қадағалау бойынша тренинг өткізілді.
2020-2022 жылдар кезеңінде Жаһандық Қор  грантының жобасын іске асыру шеңберінде алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласының ҚР ҰДЗСО фармакологиялық қадағалау департаменті басшысының және халықаралық әріптестердің (USAID ETICA жобасы) және ҚР  ҰҒФО мамандарының  қатысуымен, фармакологиялық қадағалау бойынша, оның ішінде 2020 жылғы  19-23 қазан айының жұлдызында  Алматы қаласында «ДТ ТБ ауыратын науқастарда ЕЖР кезінде фармакологиялық қадағалаудың өзекті мәселелері» тақырыбында ОФО/ТҚҰ фармакологиялық қадағалау бойынша жауапты мамандар үшін жаңа және қайта бейінделген туберкулезге қарсы препараттармен К/АДК ТБ пациенттерді емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттардың қауіпсіздігіне белсенді мониторинг жүргізу мәселелері бойынша тренинг өткізілді.
 
 
 
Бұл іс-шара фармакологиялық қадағалау және ДҚБМ рәсімдерін жетілдіру жөніндегі ұлттық жоспардың іс-шараларын іске асыруда ҰТБ-ға көмектесетін болады. Тренинг барысында мамандар ҚР-дағы фармакологиялық қадағалау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған карт-хабарламаларды сапалы толтыру, ТҚҰ, облыстардың МСАК дәрігерлеріне арналған оқыту тренингтерін өткізу техникасы бойынша жаңа енгізілімдермен таныстырылды. Сонымен бірге, тренинг барысында барлық қатысушылар тренерлік дағдыларларды қолдануды үйренді. Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28