Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында Covid-19 пандемиясы кезеңінде Қазақстандағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы
Ағымдағы жылғы 29 қазанда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің 90 жылдығына арналған халықаралық қатысумен, ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.
 
Шақырылған қазақстандық және халықаралық қатысушылардың, соның ішінде ДДҰ Еуропалық бюросының өкілдерінің сөз сөйлеуі аясында ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов пандемия кезіндегі Қазақстандағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай, туберкулезбен күрестегі проблемалар мен жетістіктер туралы айтып берді.
 
 
«Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық жоспарда оң динамика байқалып отырғанына қарамастан, туберкулезбен сырқаттану 2020 жылғы 9 айда 100 мың халыққа шаққанда 33,9, ал өлім-жітім -1,7 құрады, пандемия жағдайында флюорография жолымен тексерілген халық саны, оның ішінде қауіп қатер топтары азайды.
Бірақ, екінші жағынан, туберкулезді бақылау мен емдеудегі бейнебақылау, үкіметтік емес ұйымдарды тарту сияқты тәсілдер пандемия мен карантин жағдайында өзінің тиімділігін көрсетті», - деді ҚР ДСМ ҰФҒО директоры Мәлік Әденов.
 
Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы Covid-19 пандемиясы жағдайында туберкулезді диагностикалау алгоритмімен және коронавирустық инфекция жағдайында туберкулезге қарсы көмектің жаңа тәсілдерімен бөлісті.
 
МСАК деңгейінде бұл:
  • Пациенттерді кіреберісте сұрыптау: жөтел, кеуде шағымдары және жоғары дене қызуы бар адамдарды бөлу. Пациенттердің осы санаты үшін жеке кіру және шартты лас аймақ: КВИ, ТБ, пневмония, ЖРВИ-ге тексеру.
  • Тез зертханалық тесттерді өткізу мүмкіндігі (ПТР және ИФТ).
  • Барлық емдеу процедураларын және басқа пациенттерді динамикалық бақылауды барынша қашықтықтан (бейнебайланыс, мұрағаттау) жүргізу. Бейнебақылаумен дәрі қабылдау, шағымдарға сұрау салу).
Туберкулез стационарлары деңгейінде:
  • Жоспарлы емдеуге жатқызу-тек КВИ-ға ПТР нәтижелерімен, "лас" аймаққа емдеуге жатқызу, алгоритм бойынша сұрыптау.
  • Шұғыл емдеуге жатқызу-изоляторға/сүзгіге емдеуге жатқызу, содан кейін КВИ-ға ПТР нәтижелері және туберкулез бойынша мәртебесі, одан әрі КВИ-ға арналған бейінді бөлімшеге/палатаға ауыстыру.
Айта кетейік, карантин және пандемия кезіндегі барлық туберкулезге қарсы қызмет коронавируспен ауыратын науқастарды қабылдаған ұйымдардың қатарына кірді.
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28