Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Туберкулез бойынша айлық
2020 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда 2020 жылғы 9 айдағы туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыру қорытындылары бойынша Республикалық кеңестің 2020 жылғы 20 қазандағы хаттамалық тапсырмасын орындау үшін туберкулез бойынша айлық өткізіледі. Айлықтың мақсаты-туберкулездің алдын алу, ерте анықтау және тиімді емдеу үшін жалпы халық пен медицина қызметкерлерінің туберкулезге сақтығын арттыру.
 
Айлық шеңберінде Ашық есік күндері мен фтизиатрлардың консультациялары, туберкулез бойынша қауіп топтары арасында флюроскринингтер, теле және радио-хабарлар, баспа басылымдары мен әлеуметтік желілер шығарылымдары арқылы халықты белсенді түрде хабардар ету өткізіледі.
 
 
Айлыққа туберкулезбен ауырған адамдардың қауымдастықтары мен үкіметтік емес ұйымдар белсенді қатысуда. Сіздерді біздің ақпараттық науқанға қосылуға шақырамыз. Екі аптадан астам жөтел, шаршау, терлеудің жоғарылауы және дене қызуының көтерілуі туберкулездің белгілері екенін жақындарыңыз бен достарыңызға айтыңыз. Егер адам өзінде туберкулез белгілерін анықтаса, мүмкіндігінше тезірек емханадағы учаскелік дәрігерге жүгіну керек.
 
Туберкулез ПТР әдісімен 2 сағат ішінде анықталады, тек талдауға қақырықты тапсыру жеткілікті. Егер туберкулез уақытында анықталса, оны толық емдеуге болады. Туберкулез туралы хабардар болыңыз, уақытылы медициналық көмекке жүгініңіз, сау болыңыз!
 
Әлеуметтік желілерде достарыңызбен ақпарат алмасу арқылы сіз басқаларға көмектесе аласыз. Хабардар болсаң - қарулы боласың!
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28