Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан туберкулезбен күрес бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді
18-19 қарашада Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысқан «Туберкулезді тоқтату” серіктестіктің Кеңес басқармасының 33-ші отырысы өтті.
 
«Біздің алдымызда 2030 жылға қарай тұрақты даму мақсаттарының үшінші міндетімен айқындалған туберкулез індетін жою жөніндегі нақты мақсаттар, сондай - ақ 2018 жылғы 26 қыркүйекте БҰҰ-ның туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі отырысында мақұлданған Саяси декларация және ДДҰ-ның «Туберкулезді тоқтату” стратегиясы тұр», - деді Цой.
 
 
Әлемдік қоғамдастық осындай әрбір пациентке өте мұқият болу керек – туберкулезбен ауыратын бірде-бір науқас жоғалмауы және медициналық қызмет көрсету саласынан тыс қалмауы керек. Әсіресе пандемия жағдайында. ДДҰ-ның бағалауы бойынша, COVID – 19 әсерінен ғана 2025 жылға дейін туберкулезбен сырқаттанушылықтың өсуі 6,3 млн, ал өлім саны-1,4 млн болуы мүмкін, деп сенеді министр.
 
«Тек бірлескен күш - жігердің арқасында әлем елдері туберкулезді қоғамдық ауру ретінде жою бойынша одан әрі прогресті қамтамасыз ете алады», - деді Цой.
 
Отырыс шеңберінде африка елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, оның барысында МСАК-ты , әсіресе пандемия кезеңінде күшейту талқыланды. Алексей Цой Қазақстанның стационарлық деңгейде туберкулезбен ауыратын науқастарға көмек көрсету моделінен МСАК және стационарды алмастыратын емдеу деңгейінде медициналық көмек көрсету моделіне көшуі туралы хабардар етті.
 
«Біз туберкулезге қарсы ұйымдарды қаржыландырудың жаңа тетігін әзірледік. Төсек қорын қысқарту есебінен босаған қаржы қаражаты қайта бөлінеді. Осылайша, туберкулезбен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеу мүмкіндіктері кеңейтілуде, емдеу мен профилактиканың жаңа технологиялары қолданылуда, МСАК деңгейінде науқастарды психологиялық-әлеуметтік қолдау енгізілді», - деді А.Цой.
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28