Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Бүгін 10 ақпанда Алматы қаласында 2014-2020 туберкулезбен күрес бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыруға арналған Республикалық үйлестіру жиналысы өз жұмысын бастады.
Жиналыста 2020 жылдың қорытындысы шығарылады, Ұлттық ТБ-бағларламасының жұмыс жоспарын және 2020-2022 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша Жаһандық қор Гранты шеңберінде іс-шараларды енгізу нәтижелері талқыланды.
 
Жиналыс аралас (онлайн және оффлайн) режимде жүргізіледі және 12 ақпанға дейін созылады. Жиналыс жұмысына 100-дан астам қатысушылар - ҚР ДСМ, ҚАЖК, өңір кураторлары – ҚР ДСМ ҰҒФО мамандары, ҚР ДСМ ҰҒФО жанындағы ЖҚ ЖГР бағдарламалық мамандары, ҰӘБ меңгерушілері, бірінші басшылар, 14 облыстың, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласы ОДКК төрағалары, ҮЕҰ басшылары – 2020-2022 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша ЖҚ Грантын алушылар, ҚазҰМУ, Алматы ҚАЗҮБМУ фтизиопульмонология кафедрасының меңгерушілері, НТП ұлттық және сыртқы консультанттары, халықаралық серіктестер, ЕҮК өкілдері қатысты.
 
 
 
Бірінші және екінші күні өңірлердің қорытынды есептері тыңдалатын болады:
 
1) 2020 жылға белгіленген жоспарлардың орындалмауының негізгі себептері;
 
2) Перспективалар және мақсатты ұлттық индикаторларға қол жеткізу жолдары.
 
Жиналыстың үшінші күні  туберкулезге қарсы ұйымдардың (ТҚҰ) үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ  НТП 2022 жылға дейін ТБ күрес бойынша БҰҰ жоғары деңгейдегі отырысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ҚР-да ТБ басым бағыттары бойынша халықаралық серіктестермен бірлескен жұмысына арналған.
 
Жиналысты ұйымдастырушылар: ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы, «Туберкулез» компоненті бойынша ҚР-да ЖҚ Грантын жүзеге асыру тобы.
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28