Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады.
Соңғы жылдары туберкулезбен сырқаттану 2,3 есе азайды, 2009 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 105,3-ке қарағанда 2020 жылы 100 мыңға 35,7 құрады. Өлім-жітім көрсеткіші 6 есеге төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 1,9-ды құрады.
 
Бүгінгі таңда туберкулезге қарсы қызметтің басымдығы туберкулездің алдын алу, оны уақтылы анықтау және сәтті емдеу болып табылады. ҚР-да туберкулезге қарсы ұйымдардың жанындағы барлық облыстық, қалалық және өңірлік бактериологиялық зертханаларда, сондай-ақ МСАК пен қылмыстық-атқару жүйесінде туберкулезді және КДТ ТБ: ВАСТЕС MGIT-960, Hain-test және Gene-Хpert жеделдетілген диагностикалау бойынша (2 сағат ішінде) озық инновациялық зертханалық технологиялар енгізілген.
 
Қазақстан дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды адекватты емдеуге тегін қолжетімділікті қамтамасыз еткен санаулы елдердің қатарына жатады. Біздің елімізде 2016 жылдан бастап ДДҰ ұсынған жаңа препараттарды, оның ішінде тиімділігі жоғары және қысқа мерзімде туберкулезді толық емдеуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа және қайта бейінделген препараттармен туберкулезді емдеудің қысқа мерзімді схемаларын қолдана отырып, туберкулезді емдеудің инновациялық тәсілдері енгізілуде. Елде туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады және 2020 жылы сезімтал туберкулезбен алғаш рет анықталған науқастар арасында ол 87,5% - ды (ДДҰ стандарты - 85%), ал көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезді (бұдан әрі – КДТ ТБ) - 82,5% - ды (ДДҰ стандарты-75%) құрады.
 
 
Уақтылы анықталған және шынайы беріліп емделген жағдайда туберкулезді толық емдеуге болады. Туберкулез микобактерияларын бөлмейтін және айналасындағыларға қауіп төндірмейтін пациенттер амбулаториялық емді тұрғылықты жері бойынша емханаларда алады. Бұл тәсілмен туберкулезді емдеудің негізгі қағидасы бақылау болып табылады. Тікелей бақыланатын емдеу жүргізу үшін барлық МСАК-та пациенттер туберкулезге қарсы препараттарды бақылаулы қабылдауы үшін тікелей бақыланатын емдеу кабинеттері болады. Еліміз бойынша барлығы 2941 ТБЕ кабинеті, оның ішінде МСАК-та – 2938 ТБЕ және туберкулезге қарсы ұйымдарда-3 кабинет ашылды. 2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша амбулаториялық жағдайда емдеуді бастаған туберкулезбен ауыратын науқастардың үлес салмағы 10,1% артып, 71,2% құрады. Бұдан басқа, елімізде бейне-бақыланатын емдеу белсенді енгізілуде. Ол үшін пациентте смартфон және интернетке қолжетімділік болуы керек. Бейне-бақыланатын емдеудегі пациент күн сайын ТБЕ кабинетінің медбикесімен бейне-байланысқа шығып, препараттарды оның бақылауымен қабылдауы тиіс.
 
Туберкулез тек медициналық проблема болып табылмайтыны жалпыға мәлім, осыған байланысты туберкулезді табысты бақылау үшін азаматтық қоғамдастықты тарту міндетті. Қазіргі уақытта елімізде туберкулез компоненті бойынша Жаһандық қор Жобасының қолдауымен 19 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. ҮЕҰ міндеттеріне халықтың осал топтарымен жұмыс істеу, ТБ белгілері бар адамдарды диагностикалық алгоритмге сүйемелдеу, препараттарды қабылдауды өткізетін пациенттермен жұмыс, сондай-ақ ТБ зардап шеккен адамдарды психологиялық және әлеуметтік қолдау кіреді.
 
Туберкулезді ерте анықтау мен сәтті емдеудің маңызды аспектісі-халықтың туберкулез туралы жалпы хабардарлығы және жалған пікірлердің болмауы. Туберкулез-бұл ауа арқылы берілетін жұқпалы ауру және онымен кез-келген адам ауыра алады. Ұлттық туберкулезге қарсы компания туберкулезге шалдыққан адамдарды стигматизациялауға, кемсітуге және әлеуметтік шеттетуге қарсы күрес бойынша күш-жігерді біріктіруге ерекше назар аударады. Осылайша, халықты туберкулез туралы кеңінен ақпараттандыру және туберкулезге қарсы көмек алу кезіндегі ықтимал кедергілерді жою үшін Қазақстанда OneImpact мобильді қосымшасы енгізілуде. Бұл қосымшаны туберкулез туралы білгісі келетіндердің барлығы телефонға жүктеп, сұрақ қоюға болады.
 
24 ақпанда бүкіл әлемде Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне (24 Наурыз) арналған туберкулез айлығы басталады. 2020 жылы Дүниежүзілік туберкулезбен күресу ұраны «Уақыт өтуде. Туберкулез ауыртпалығын төмендету бойынша 2022 жылғы мақсаттарға бірге жетеміз!». Айлық халықтың назарын аудару және туберкулез – бұл ауа арқылы берілетін және кез-келген адам ауырып қалуы мүмкін жұқпалы ауру екенін еске салу үшін өткізіледі. Туберкулезден қорқудың немесе ұялудың қажеті жоқ. Бұл толықтай емделетін ауру!
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28