Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Коронавирус кезеңінде ҮЕҰ қалай жұмыс істеуі керек?
КОВИД-19 індетімен байланысты эпидемиологиялық ахуал асқынып тұрған уақытта Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) үшін дәстүрлі форматта кездесу мүмкіндігі шектелді, оның ішінде көшеде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлерге арналған оқу сессиялары мен олармен бірлескен жиналыс өткізу де қиындады. Бұл жағдай көптеген қиындық туғызды, жаңа жағдайда қалай әрекет ету керегін білу үшін ҮЕҰ өкілдерін оқыту қажет болды.  
 
Жаһандық қордың туберкулезге қарсы күрес бойынша Жобасын және USAID-тың Орталық Азиядағы туберкулезді жою жөніндегі Жобасын жүзеге асыру барысында Қазақстанда ҮЕҰ күнделікті жұмысында онлайн технологияларды пайдалану жағынан бірқатар іс-шара  қолға алынды. Соның нәтижесінде жергілікті ҮЕҰ онлайн режимде ақпараттық науқан, семинарларды онлайн өткізе бастады, өзара көмек топтары да ғаламтор мүмкіндіктерін кең пайдалануға көшті.
 
 
2021 жылдың тамызында Орталық Азиядағы туберкулезді жою жөніндегі USAID Жобасы ҮЕҰ-ға арналған тренингтер өткізу кезінде онлайн платформаларды пайдалану жөнінде арнайы онлайн-вебинар ұйымдастырды. Вебинарға Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Украина және Грузиядан 100-ден астам адам тіркелді. Оның ішінде 60-тан астамы вебинарға тікелей қатысты. Вебинар барысында қатысушылар Жаһандық Қор мен USAID ETICA Жобаларының тәжірибесімен танысты, ҮЕҰ үшін онлайн сабақ өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын талқылады және осындай іс-шараны ұйымдастыруда жиі кездесетін түйткілдерді ортаға салды.
 
 
 
Практикалық сессия барысында вебинар қатысушылары тағы бір онлайн құрал – виртуалды тақтаның (Miro) мүмкіндіктері туралы жақын білді.  Цифрлық технологияларды қолданумен байланысты жұмыстың жаңа жағдайына бейімделу арқылы ҮЕҰ өкілдері күнделікті жұмысының ырғағынан жаңылмайды. Ал бұл туберкулезді дер кезінде анықтау мен емдеу барысында негізгі тәуекел тобындағы науқастарды қолдау үшін ең басты алғышарт.
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28