Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
2021 жылдың 6-қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы ұлттық және аймақтық деңгейдегі іс-шараларды бағалау және мониторинг бойынша мамандары мен Жаһандық Қор грантын жүзеге асыру тобының өкілдері Грузияға сапарын бастады.
2021 жылдың 6-қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы ұлттық және аймақтық деңгейдегі іс-шараларды бағалау және мониторинг бойынша мамандары мен Жаһандық Қор грантын жүзеге асыру тобының өкілдері Грузияға сапарын бастады. Үш күн ішінде Грузияның туберкулез және өкпе аурулары Ұлттық орталығының қабырғасында екі елдің мамандары тәжірибе алмасады, туберкулезбен байланысты эпидемиологиялық ахуал, Сovid-19 індеті тудырған жаңа түйткілдер, қалыптасқан жағдайда қолға алынған іс-шаралар туралы ақпаратпен бөліседі және медицина мекемелерінде болады.
 
Сапар барысында Қазақстан мен Грузияның туберкулезге қарсы бағдарламаларының арасында ғылыми-техникалық және білім беру бойынша ынтымақтастық орнату туралы Меморандумға қол қойылды.
 
Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламасы қонақжай қабылдауы, ұйымдастырылған кездесулер мен мазмұнды талқылаулар және туберкулезбен байланысты көріп-білгендерімен бөлісуге әзірлігі үшін Грузиядағы әріптестеріне ерекше алғыс білдіреді.
 
 
Әріптестік туралы Меморандумға қол қою сәті. Грузия Республикасының туберкулез және өкпе аурулары Ұлттық Орталығының мониторинг және бағалау тобының жетекшісі Марина Джангава.

 

Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28