Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
28-29-қазанда Алматыда туберкулёз және өзге өкпе аурулары мәселесіне арналған халықаралық конференция өтеді
ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ҚР ДСМ ҰФҒО) және Жаһандық қордың Грантын іске асыру тобының ұйымдастыруымен туберкулёз және өзге өкпе ауруларын анықтау, алдын алу және емдеумен байланысты стратегиялық мәселелерге арналған Халықаралық конференция өтеді.
 
Конференция 2021 жылдың 28-29 қазанында, Алматы қ., Наурызбай батыр көшесі 108 мекенжайындағы «Kazzhol Park» қонақкүйінде өтеді. Басталатын уақыты: сағат 09:00.
 
 
Халықаралық конференцияға отандық және халықаралық сарапшылар, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің, ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (ҚР ДСМ ҰФҒО), Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ), Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының (ДЗМБСҰО), ҰФҒО жанындағы Жаһандық қор Грантын жүзеге асыру Тобының (ЖҚ ЖЖАТ), облыстық және қалалық фтизиопульмонология орталықтарының бірінші басшылары мен өкілдері, сонымен бірге ДДСҰ, Жаһандық қор, СТОП ТБ халықаралық әріптестігі, KNCV, USAID, ETICA жобасы, PIH т.б. халықаралық серіктестердің, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының (ҚР ДСМ ҚДИАҒО), ТБ саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың лаузымды тұлғалары қатысады.
 
Конференция аясында денсаулық сақтау жүйесінің құзіретті өкілдері, осы саланың білікті майталмандары мен халықаралық сарапшылар туберкулез бен коронавирус індетімен байланысты өзекті мәселелерді талқыға салады.
 
Қосымша ақпарат:
Дәнеш Байболатов,
ҚР ДСМ ҰФҒО баспасөз хатшысы
телефон: +7 707 675 25 55

 

Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28