Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Адвокациялық кеңес-жиын өтті
2021 жылдың 29-30 қарашасында Алматыда ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Жаһандық Қордың 2020-2021 жылдарға арналған Грантын жүзеге асыру аясында «ТБ, ТБ/АҚЖТ/Ковид саласындағы ҮЕҰ қызметінің тұрақтылығын күшейту» тақырыбында адвокациялық кеңес-жиын өтті.
 
 
 
Адвокациялық кеңес-жиын аясында денсаулық сақтау министрлігінің, апарат және қоғамдық даму министрлігінің, азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының, ҚР ДСМ ҰФҒО, Алматы қ. әкімдігінің, ішкі саясат басқармасы, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы, еңбекпен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, қоғамдық денсаулық басқармасы фтизиопульмонология орталығы, Алматы қ. Азаматтық Альянсы мен Жаһандық Қор грантын жүзеге асыру тобының басшылары мен өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
 
Жиын-кеңеске қатысушылар туберкулез және COVID-19 індетімен байланысты ахуалмен және ТБ бойынша ҚР аумағында істейтін үкіметтік емес ұйымдардың қызметімен танысты. Сонымен бірге туберкулез, ТБ/АҚЖТ/COVID-19 бойынша науқастарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау, осындай дерт түріне шалдыққандардың әлеуметтік мәселесін жеңілдету үшін жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселелерін талқылады. Жиын қорытындысында ТБ/АҚЖТ/COVID-19 саласында еңбек ететін ҮЕҰ-ның қызметін тұрақты етуді көздейтін ұсыныстардан тұратын арнайы қарар қабылданды.
 
Жемісті еңбегі үшін жиынға қатысушыларға алғыс білдіреміз!
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28