Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті
2021 жылдың 29 қарашасында Алматы қ. «Қазжол Парк» қонақүйінде туберкулез саласындағы адвокация, коммуникация, әлеуметтік мобилизацияның және үкіметтік емес ұйымдардың қазіргі жағдайдағы рөлі туралы үйлестіру кеңесі өтті. Іс-шараға ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру Департаментінің әлеуметтік маңызға ие ауруларға медициналық көмек көрсету басқармасының басшысы, ҚР ҰФҒО өкілдері, Жаһандық Қор грантын жүзеге асуры тобының қызметкерлері, ҮЕҰ басшылары, үйлестірушілері, психологтары, әлеуметтік қызметкерлері, облыстық/қалалық фтизиопульмонология орталықтарының АКӘМ жөніндегі мамандары мен ҮЕҰ-мен жұмыс істеуге жауапты өкілдері, халықаралық әріптестер (ETICA жобасы, «ҚазСоюз» ЗТҰ), туберкулезге қарсы Ұлттық бағдарламаның жергілікті және шетелдік кеңесшілері қатысты. 
 
 
Үйлестіру кеңес жұмысын ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы мен  Жаһандық Қор жобасын жүзеге асыру Тобы ұйымдастырды. 
 
Жиын барысында 2021 жылдың алдын-ала қорытындысы жасалды.  Атап айтқанда  биылғы жылғы негізгі жетістіктер мен тәуекелдер, ТБ ауыртпалығын азайту жолындағы қызмет сапасын көтерудің жолдары, ҮЕҰ-ның ҚР аумағындағы туберкулез ауыртпалығын азайтудағы үлесі, 2021 жылдың 11 айындағы адвокация,коммуникация, әлеуметтік мобилизация бойынша іс-шаралардың нәтижесі, ТБ бойынша АКӘМ жұмыстарының сапасын жақсарту мен ондағы түйткілдері шешу жолдары секілді маңызды мәселелер талқыланды. 
 
 
 
ҮЕҰ өкілдері мақсатты топтардағы туберкулезді анықту мен ақпарат тарату жұмыстары туралы баяндама жасады. Алғашқы медициналық көмек қызметі деңгейінде туберкулез жұқтырды деген күдікке ілінген азаматтарды тексерудегі кедергілер туралы ойларын ортаға салды. Сонымен бірге мақсатты топқа жататын науқастардың амбулаторлық емделу кезіндегі ем шарасын үзбеуді қадағалау бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары туралы есеп берді. 
 
Жиын барысында қатысушылар 2 жұмыс тобына бөлініп, оның нәтижесінде әрқайсысы жағдай бойынша SWOT-талдама жасады, ТБ бойынша көзделген нәтижеге қол жеткізуге кедергі болған жайттарды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Іс-шара соңында арнайы қарардың жобасы талқыланды. 
 
Үйлестіру кеңесінің қатысушыларына арнайы сертификаттар табыс етілді.
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28