Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Туберкулез саласындағы ҮЕҰ қызметіне мониторинг жүргізу
Жаһандық қордың 2020-2022 жылдарға арналған «Қазақстандағы дәріге төзімді туберкулезге қарсы тиімді әрекет ету» грант жобасын іске асыру аясында  республикалық маңызы бар қалалардағы, облыс орталықтарындағы, сондай-ақ аудандық деңгейдегі туберкулез саласында жұмыс істейтін 18 ҮЕҰ қызметін қаржыландыру және мониторинг жасау жұмыстары жалғасуда.
 
 
2022 жылғы 2-наурыз бен 4-наурыз аралығында Жаһандық Қордың грантын жүзеге асыру тобының мамандары Жамбыл облысындағы «Тараз АИТВ-ға қарсы» қоғамдық ұйымының қызметіне индикаторлық негіздегі жоспарлы мониторинг жүргізді. ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.М.Әденовтің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.А. Қалиевтің, Жамбыл облысының фтизиопульмонология орталығының директоры Шырымов Д.О. мен орталық мамандарының, жергілікті АМСК басшылары және ҚР ҰФҒО МжБ тобының өкілдерінің қатысуымен өткен қорытынды конференцияда ҮЕҰ-дағы МжБ нәтижелері, азаматтық қоғамды туберкулезге қарсы күреске тұрақты тартумен байланысты жетістіктер мен ұсыныстар айтылды.
 
 
 
Туберкулез мәселелері бойынша халықтың түйткілді топтарына туберкулез туралы ақпарат жеткізу, «тең-теңге» қағидасын ұстану, туберкулез болды деген күдік бар адамдарды медициналық мекемелерге алып бару, сондай-ақ құжаттарын қалпына келтіруге көмектесу, емделуден бас тартқандарға психо-әлеуметтік кеңес беру мәселесіне ҮЕҰ-ын тартудың туберкулезді анықтау мен одан емдеудің тиімділігін арттыруға зор ықпал ететіні айтылды. Бұл әсіресе COVID-19 індеті таралған жағдайда және басқа да күрделі жағдайлармен байланысты шектеу шаралары кезінде аса маңызды.
 
Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдарды Жаһандық Қор Гранты есебінен қаржыландырудың жыл сайын азайып келе жатқанына байланысты, жергілікті бюджеттен туберкулез саласында жұмыс істйтін ҮЕҰ-ға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс/грант түрінде қаражат бөлу мәселесі өзекті болып отыр. Қазіргі таңда ҮЕҰ-ға туберкулез бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлу мәселесі оң жолға қойыла бастады. Мәселен, 2021 жылы Ақмола, Павлодар және Алматы облыстарында туберкулез шаралары үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қаржы бөлінді. 2022 жылы Нұр-Сұлтан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру қарастырылуда.
 
 
 
Қазақстанда 2014 жылдан бастап Қазақстанда туберкулез ауыртпалығын төмендетудің маңызды стратегиялық бағытының жүзеге асырылуының мониторингі – халықтың туберулезбен ауыру қаупі жоғары түйткілді топтарымен жұмыс істеуге Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаның тиімді серіктесі ретінде үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) тарту мәселесі тұрақты жүргізіліп келеді.
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28