Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
ҚР ҰФҒО Жаһандық Қор гранты аясында ОДКК онлайн тренингтерін жалғастыруда
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы Жаһандық қордың 2020-2022 жылдарға арналған «Қазақстандағы дәріге төзімді туберкулезге қарсы тиімді әрекет ету» жобасын іске асыру аясында АМСК, туберкулезге қарсы мекеме, қылмыстық атқару жүйесі,ҮЕҰ, СПИД орталығы мамандары мен медицина оқу орталықтарының фтизиопульмонология кафедраларының оқытушыларының кәсіби әлеуетін көтеру мақсатында және туберкулез, дәріге төзімді туберкулезге қатысты «осында және қазір» қағидасына сүйенетін науқасқа бағдарланған емдеу тәсілдерін дұрыс және толық көлемде әрі сапалы қолдануға бейімдеу үшін орталық дәрігерлік консультативті комиссиясының онлайн тренингін өткізуді жалғастыруда.
 
2022 жылы  іс жүзінде қолдануға маңызды басым бағыттағы және аса күрделі тақырыптар бойынша 12 вебинар өткізу жоспарланған.
 
2022 жылдың ақпанында төмендегі 2 тақырып бойынша онлайн оқытушы орталық дәрігерлік консультативті комиссия өтті:
 
1. «Қазақстан Республикасында туберкулезді анықтау және тіркеу бойынша АМСК мен туберкулезге қарсы мекемелер арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері»  02.02.2022 ж.
Модератор: ҚР ДСМ ҰФҒО эпидемиология, туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау бөлімінің жетекшісі, жоғары санатты дәрігер -фтизиатр Жазыбекова Панагүл Мәнерханқызы.
Клиницист: Алматы қ. ФО МжБ жетекшісі Әуезова СӘулеш Нұрұллақызы.
Сарапшылар: Жаһандық Қор жобасын жүзеге асыру Тобы, дәрілердің қауіпсіздігіне белсенді мониторинг жөніндегі ұлттық консультанты, С.Д.Асфендияров ат. ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер-фтизиатр Әбубәкіров Аманжан, дәрілердің қауіпсіздігіне белсенді мониторинг жөніндегі ұлттық консультанты Төлепова Гүлжан Эльбрусқызы.
 
Онлайн қосылушылар саны – 321. Вебинарға медицина ғылымдарының докторы,  профессор Цогт Гомбогарам секілді туберкулез жөніндегі халықаралық сарапшылар да қатысты.
 
2. «АИТВ коинфекциясында ми туберкулемасы көп тараған өкпе туберкулезін емдеудің тиімділігі» 23.02.22.
Модератор: медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафелрасының профессоры  Рақышева Анар Сәдуақасқызы.
Клиницист: Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығының бөлім меңгерушісі, дәрігер-фтизиатр Ысқақов Іңкәр Серкешұлы.
Cарапшы: Дәрігер-невропатолог, Қостанай облыстық ПД ӘДК сарапшысы Жандарбекова Мәдина Сералықызы.
 
Онлайн қосылғандар саны – 162. Вебинарға ТБ және АиТВ бойынша халықаралық сарапшылар –Санкт-Петербург қаласының бас фтизиатры, м.ғ.д., СПГМУ әлеуметтік маңызды инфекциялар және фтизиопульмонология кафедрасының профессоры, Санкт-Петербург қ. туберкулезге қарсы қалалық диспансерінің бас дәрігері Пантелеев А.М. және  м.ғ.д., профессор, Қазақстанда ECHO жобасын енгізуші, АиТВ мәселелері бойынша сарапшы Трұмова Ж. З. қатысты.
 
 
Фото №1. «Қазақстан Республикасында туберкулезді анықтау және тіркеу бойынша АМСК мен туберкулезге қарсы мекемелер арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері» тақырыбындағы онлайн вебинар 02.02.2022 ж.
 
 
Фото №2. «АИТВ коинфекциясында ми туберкулемасы көп тараған өкпе туберкулезін емдеудің тиімділігі» тақырыбындағы онлайн вебинар 23.02.22.
 
Фото №3. Орталық дәрігерлік консультативті комиссиясының онлайн тренингі қатысушыларға кәсіби білігін жұмыс орнында отырып арттыруға мүмкіндік береді.

 

Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28