Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
ТБ саласындағы ҮЕҰ үшін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай байқау ұйымдастырылды
Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, Жаһандық Қордың Қазақстан Республикасындағы туберкулез компоненті бойынша Грант жобаларын жүзеге асыру тобы, Қазақстан фтизиопульмонологтарының қауымдастығы.
 
Байқаудың мақсаты – халықтың түйткілді топтарының туберкулезді диагностикалау және анықтау туралы хабардар болуын күшейтудегі және емді үзуге бейім жандар арасында ем-шараға тұрақтылықты арттырудағы  үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мен үлесін көрсету.
 
Әр аталым бойынша байқау жеңімпаздары сапа және сан критерийлері негізінде анықталды.  Бағалауға ҮЕҰ-ның өкілдері де, құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Молдабекұлы Әденов, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының профессоры  Анар Рақышева, КазСоюзПЛХВ президентінің міндетін атқарушы  Оксана Ибрагимова, халықаралық кеңесші Виктор Буринский, БАҚ өкілі Фаузия Мырзабекова кірген қазылар алқасы қатысты.
 
Байқауға қатысуға туберкулезге қарсы күрес саласындағы ҮЕҰ-дан барлығы 8 өтініш түсті.
 
2021 жылдың қорытындысы бойынша үздік аутричтерді марапаттау рәсімі 2022 жылдың 25-наурызында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда өтеді. Байқауға қатысқан 0барлық аутрич қызметкер бағалы сыйлықтармен марапатталады.
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28