Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Шымкент қаласы мен ШҚО-дағы туберкулезге қарсы іс-шаралардың қашықтан мониторингі мен бағалау нәтижелері бойынша онлайн-кеңес өтті.
2022 жылдың 20 сәуірінде ҚР ДСМ ҰФҒО директоры мен мамандарының, Шымкент қ. және Шығыс Қазақстан облысындағы облыстық фтизиопульмонология орталықтары мамандарының, АМСК басшылары мен фтизиатрлардың қатысуымен 2022 жылдың 2 айындағы туберкулезге қарсы іс-шараларды қашықтан мониторинг жасау және бағалау қорытындылары бойынша онлайн-кеңес өтті.
 
Жиын барысында облыс кураторларының есептері тыңдалды, Шымкент қаласы бойынша Алғазиева Гүлбан, ШҚО бойынша Рамазанова Зарина баяндама жасады. Кураторлар туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың негізгі мәселелерін айтты. Тұтастай алғанда, ағымдағы жылдың екі айында облыстарда туберкулезге қарсы іс-шаралар бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды, алайда, туберкулезді ерте анықтау бойынша алғашқы медициналық көмек желілерінде олқылықтар бар. Түйткілдерді жою бойынша ұсыным берілді және АМСК мамандарын туберкулез бойынша ҚР ДСМ ҰФҒО мамандарының көмегімен оқытуды жалғастыру қажеттігі айтылды.
 
Еске сала кетейік, 2021 жылдан бастап ҚР ДСМ ҰФҒО Жааһандық Қордың грант жобаларын жүзеге асыру тобымен бірлесіп қашықтан бақылау әдістері жетілдірілген мониторинг пен бағалаудың жаңартылған моделін әзірледі. Жаңа икемді формат онлайн түрде мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, елдегі және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды жүйелі талдау және бақылау мүмкіндігіне жол ашады.
 
ҚР ДСМ ҰФҒО директоры М.М.Әденов өңірлердегі фтизиопульмонология қызметінің атқарған орасан зор жұмысын атап өтіп, орталықтың атынан қызметкерлерге алғыс білдірді.
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28