Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ақпаратты жаңартулар уақытша қолжетімсіз.
Сайт жақында жаңартылады! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
QAZAQSTAN RESPUPLIKASYNYŃ ULTTYQ ǴYLYMI
FTIZIOPULMONOLOGII'A ORTALYǴY
QAZAQSTAN RESPUPLIKASY DENSAULYQ SAQTAU MINISTRLIGI
Қызылорда облысы бойынша мониторинг.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауына сәйкес 2022 жылдың 25 сәуірі мен 29 сәуірі аралығында ҚР ДСМ ҰФҒО мамандары Қызылорда облысына болды. Мақсат - облыстағы туберкулезге қарсы және басқа да медицина ұйымдарына ұйымдастыру, әдістеме және тәжірибелік көмек көрсетуге арналған туберкулезге қарсы іс-шараларға мониторинг жүргізу.
 
2022 жылғы 29 сәуірде облыстық стратегиялық даму және адам ресурстарын басқаруды жетілдіру департаменті басшысының орынбасары Ж.М.Шаймбетовтың, Қызылорда облыстық ДСБ медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Р.С. Бактерлинаның, ҰФҒО департамент бастығы Жазыбекова П.М. облыстағы медицина мекемелері басшылары мен мамандарының қатысуымен мониторинг сапарының қорытындысы бойынша онлайн/офлайн  форматтағы қорытынды кеңес өтті.
 
Жиын барысында облыстағы туберкулезге қарсы қызметтің 2022 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша негізгі жетістіктері мен алда тұрған мәселелері жарияланды:
 
• Облыс бойынша фтизиатр кадрлармен қамтамасыз ету деңгейі 88%;
• 2022 жылдың 1-тоқсанында туберкулезге қарсы іс-шараларға мониторинг және бағалау нәтижелері бойынша аудандар мен медицина мекемелерінде түйткілді мәселелерді шешу мен оңтайлы шешім қабылдауға бағытталған Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде 1 алқа отырысы, 1 дәрігерлік кеңес және 1 штаб ұйымдастырылды.  Облыстық АМСК ұйымдары басшылары және мамандарының қатысуымен облыстық фтизиопульмонология орталығында 2 медкеңес өтті, облыстық фтизиатрлар ай сайын медициналық кеңеске жиналады;
• 1 тоқсанда облыс бойынша 10 қашықтан бақылау және 7 супервизия ұйымдастырылды;
• Амбулаторлық ем алатын туберкулезбен ауыратын науқастарға ай сайын әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Қызылорда облысының барлық ауданында амбулаторлық емделушілерге ай сайын жергілікті бюджеттен (10 АЕК көлемінде) қолдау көрсетіледі. 2022 жылдың 3 айында туберкулезбен ауыратын 690 науқасқа 52 283,7 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл жағынан облыс бойынша көрсеткіш ОФО бюджетінің 8%-ын (норматив бойынша – 4,0%) құрайды;
 
Сондай-ақ, 2022 жылдың 25 сәуірі мен 29 сәуірі аралығында ҰФҒО мамандары Қызылорда облысы бойынша ОФО-да науқастарды қабылдады. Жетекші хирург, ҰФҒО өкпе туберкулезі хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Ж.А.Ибраев 433 науқасты тексерді, оның 32-сіне хирургиялық емдеу тағайындалды, 22 науқасқа кеуде қуысының КТ жасау секілді қосымша тексеруден өту ұсынылды.
 
ҰФҒО қабылдау-кеңес бөлімінің фтизиатр-дәрігері Ғалиева Қ.Б. туберкулезбен ауыратын 15 науқасты қабылдап, ем-шара бойынша кеңес берді.
 
Кездесу нәтижесінде ҰФҒО мамандары медициналық көмек беру мекемесінің барлық деңгейінде туберкулез мәселелері бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.
 
Пайдалы сілтемелер
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 291 8657 (Директордың қабылдау бөлмесі)
Call-центр: +7 (727) 291 87 28